ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-06-18 17:49:19 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ҚҰДЫҚТАРДЫ КӨТЕРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

Қала көшелері мен жаяу жолдарды ағымдық жөндеу жұмыстары аясында, Павлодарда қала көшелерінің бойында орналасқан құдықтарды көтеру жұмыстары басталды. Барлығы 300-дей құдық көтеру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта құдықтарды көтеру жұмыстары Лермонтов көшесінде жүргізілген,  Астана көшесінде құдықтарды көтеру жұмыстары жургізілу үстінде, одан әрі орталықтан қала шетіне көшпек.

Жөндеу жұмыстарын "Бонус Строй" ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде Павлодар қаласы ІІБ – мен келісілген жол белгілері орнатылды.

Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.

Прочитано: 807 раз