ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» СИГНАЛЫ ЖӘНЕ ОЛ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

2018-06-19 10:34:52 ТЖ БАСҚАРМАСЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Экстремалды жағдай туындау қаупі туған кезде немесе туындаған жағдайда, атап айтқанда: апаттар, катастрофалар, табиғи апат, ауа қаупі, химиялық, радиоактивті улану және басқа да қауіп туған кезде ТЖ жататын барлық қалаларда, тұрғын пункттерінде, халық шаруашылығы нысандарында сиреналар, басқа да дабыл құралдары, арнайы автокөліктердің сиреналары қосылады. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың маңызды ақпарат өтетіні туралы хабардар ететін «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» атты жалпы дабылы.

Бұл дабыл бойынша не істеу керек?

Егер Сіз үйде, жұмыста немесе қоғамдық орында болып сирена дауысы мен «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дыбыс дабылын естісеңіз, жедел түрде радиоқабылдағышты бар дауысына зорайтып немесе жергілікті кез-келген жаңалық каналына теледидарды қою керек.

«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дыбыс дабылы аяқталған соң теледидар каналдары мен радио бойынша түзілген жағдай туралы және қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат тұрғындарға жеткізіледі.

Барлық ересек адамдарға бұл сиренаның дауысы- «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы екенін түсініп, оны балаларға түсіндіру керек. Оны ести сала, сабырлықты сақтау керек. Оның себебін түсіндіруін тосыңыз.

Дауыстық ақпарат толық тыңдап және түсінгеннен кейін барлық ұсынылымдарды орындау қажет. Егер де Сіз дауыстық ақпаратты толығымен тыңдай алмай қалсаңыз, радионы немесе теледидарды өшіруге асықпаңыз, ақпарат тағы да қайталанады. Бірінші кезекте құжаттар мен ақшаны, мүмкіндік бойынша су кірмейтін орамаға немесе пакетке салынған тәуліктік ас қоры мен суды бірінші кезекте алу керектігін есте сақтаңыз.

Егер Сіз жұмыс орнында болсаңыз, кәсіпорын аумағында немесе цехта болған кезде «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылын естісеңіз, жұмысты тоқтатып, телефонмен сөйлесуді немесе кеңесті тоқтатып, шулы цехта болған жағдайда станокты тоқтатып, машинаны сөндіріп, ол мүмкін болмаған жағдайда кәспорындағы жақын дауыс зорайтқышқа жақындаңыз.

Егер Сіз қала немесе тұрғын пункт көшесінде келе жатып «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылын естісеңіз, көшедегі жақын дыбысзорайтқышқа келіп сиренаның дауыс дабылы аяқталған соң ақпаратты тыңдап, барлық ұсынылымдарды орындаңыз.

Алыс қашықтықта орналасуына байланысты дабыл дауысы естілмейтін жерлерде және орталықтандырылған радио тарату дыбыс зорайтқыштары орнатылмаған жерлерде «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы мен дауыстық ақпарат дауыс зорайтқыш байланыс жүйесімен жарақталған арнайы автокөліктермен таратылады. Әр жағдайда дыбыстық ақпарат ауданда, қалада, аумақта туындаған экстремалды жағдайға немесе қауіпке сай болады.

Балаларды мектептен және бала-бақшадан алмаңыз. Бұл оларды қауіпсіз жерге жіберуді бөгеуі мүмкін. Сіздің балаларыңыз жайлы ойлайтын адамдар бар. Олардың қорғанысы бірінші кезекте қарастырылған.

Подъезд немесе тұрғын орыныз бойынша көршілеріңізді хабардар етіңіз - олар берілген ақпаратты естімеуі мүмкін. Үрей тудыру мен өсектердің тез арада доғартыңыз.

 

Павлодар қаласы ТЖБ АҚТ аға офицері

Лейтенант Ғазиз Е.С.