ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-06-19 10:45:02 Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару Заңының 3 - бабы 10 - тармақшасына сәйкес, 2018  жылдың  29 маусымында сағат 11.00-де (Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында) VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 37 кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 дейінгі Тұжырымдамасының орындалуы туралы

2. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық  дамуы»  Мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылы және 2018 жылдың I жартыжылдығында іске асырылу туралы

3. Мүгедектердің құқығын сақтау бойынша мемлекеттік органдардың  жұмыстары және олардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстары туралы

4. Жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бойынша:

а) ауылдық аймақтардаға дамблар,

б) Павлодар қаласы су құбырлары, дренаждық, жауын суы, инженерлік жүйе және электр  құбырларының  жағдайы мен жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы

5. Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 2018 жылы бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, жылу жүйесін пайдалану,  ауылдық аймақтарда санитарлық нормаларды сақтау, транспорттық инфоқұрылымды дамыту, қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ету  туралы

6. 2018 жылдың I жартыжылдығында Жергілікті полиция қызметінің әкімшілік, қылмыстық құқықтық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарының қорытындысы  туралы

7. Павлодар қаласы бюджетінің орындалуы бойынша 2018 жылдың I жартыжылдығында бөлімдердің мемлекеттік сатып алуларды уақытылы өткізуі туралы

8. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық аймақтардың бюджетінің орындалуы туралы

9. Әртүрлі.

 

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты

Прочитано: 11752 раз