ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-06-22 09:36:36 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Павлодар қаласының әкімдігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Облыс орталығының әкімі Нұржан Әшімбетов әріптестерін кәсіби мерекемен салтанатты түрде құттықтады.

- Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі - Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

- Сіздердің адал еңбектеріңізге, жоғары деңгейдегі адамгершілік пен патриотизмнің биік шыңына ұмтылғандарыңыз  үшін алғысымды білдіремін! Сіздерге денсаулық, жемісті жұмыс, кәсіби шеберліктеріңіздің өркендеуіне және отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деп қала әкімі атап өтті.

Іс-шарада қызмет барысында ерекше көзге түскен  мемлекеттік қызметшілер марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің грамотасымен К. Т. Кабулова және И.С. Маусенова марапатталды.

Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен Н. К. Тайлақова, сонымен қатар, Павлодар қаласы әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хатымен 13 мемлкеттік қызметкер марапатталды.