ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-07-02 15:57:22 Қала жаңалықтары
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» ММ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Павлодар қаласы әкімінің  өкімімен 2018 жылдың 2 шілдесінен бастап  Наталья Құрмашқызы Шотаева Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Наталья Құрмашқызы 1967 жылы туған, қазақ, жоғары педагогикалық білімі бар. 1989 жылы С. Макаренко атындағы Сумск қаласының мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады.

Еңбек қызметін 1989 жылдың қазан айында бастады.

1989 жылдан бастап 2003 жылға дейін Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2012 жылға дейін – «Павлодар облысының ішкі саясат департаменті» ММ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас маманы.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы» ММ саяси партиялар және үкіметтік емес бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы ММ қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Мемлекеттік қызмет өтілі 15 жыл 4 ай.

Прочитано: 1707 раз