ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-07-02 16:55:37 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ТӘУЕЛСІЗДІК ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ ТАҚТАЛАРДЫ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар қаласының ең басты көшелерінің бірінде жаңа атау жазылған  тақтайшалар пайда болды. Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда 50 тақтайша орнатылған. - Барлығы алты жүз жаңа тақтайша орнатылады. Аталмыш жұмыстарға қалалық бюджеттен 4,5 млн. теңге қаражат бөлінді, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің коммуналдық меншікті пайдалану секторының меңгерушісі Әлібек Оразалин. – Бір тақтайшаның құны 7 мың теңгені құрайды.

Жаңа тақтайшалар әкімшілік ғимараттарға ғана емес, мектептер мен балабақшалар, тұрғын үйлерге де орнатылады. Кейбір ұзын ғимараттарда үш-төрт тақтадан ілінеді. Жұмыстар кезең кезеңмен жүргізіліп, 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.