ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-07-11 15:41:34 Қала жаңалықтары
АСТАНАҒА САЯХАТ

Павлодар ауылының  20-дан астам белсенді зейнеткерлері елордаға екі күндік сапарға аттанды. Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында зейнеткерлерге  ауыл басшылығы Павлодар қаласының әкімдігімен осындай тамаша сыйлық сыйлады. Мұндай сапар ауыл тұрғындары үшін жағымды тосынсый болды, өйткені зейнеткерлердің көпшілігі елордаға алғаш рет бара жатыр.

Павлодар ауылының әкімі Аждар Жүсіповтың айтуынша, астанада зейнеткерлер қонақ үйде тұрады, күніне үш уақыт тамақтанумен қамтамасыз етеді, Тұңғыш Президенттің Ұлттық мұражайына барады. Елорда қонақтары «Нұр Әлем», Астана қаласының орталық жағалауындағы Сулы-жасыл бульварға барады.

Экскурсияға байланысты зейнеткерлердің барлық іссапар шығындарын жергілікті кәсіпкерлер көтереді. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екі ыңғайлы автокөлікпен қамтамасыз етті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зейнеткерлердің елордаға алаңдамай жетулері үшін әкімдік қызметкері және медицина қызметкері бірге жүреді.

Осындай іс-шаралар алғаш рет ұйымдастырылып отыр, сонымен қатар оларды осы жазда Баянауылға екінші сапар күтеді.