ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-07-13 12:42:13 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚ САЯЖАЙШЫЛАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ЕСКЕ САЛДЫ

Құтқарушылар ыстық және құрғақ ауа райына байланысты жұмыстарының көлемі артқанын атап өтті. Бір ғана «Энтузиаст» саяжайының өзінде шілде айында тоғыз өрт орын алып, 12 сайжай зардап шеккен. Жалпы материалдық шығын шамамен бір миллион теңгені құрады. Төтенше жағдайлар басқармасында өрттің орын алуларының басты себебі халықтың отпен абайсыз пайдалануы дейді.

- Саяжай учаскілерін  тазалауда тұрғындар  шөптерді өртеп, қауіпсіздік шараларын сақтамайды, - деп түсіндірді Павлодар қаласы ТЖ басқармасының басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Ренат Валишанов. - Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жеті адам жауапкершілікке тартылды.

Аталмыш ережені белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар да бұзады. Олармен саяжай күзетшілері мен полиция күресуде.

- Жергілікті полиция қызметі біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша  рейдтер жүргізуде. Біз мас күйінде тұрақты тұрғылықты  жері жоқ адамдарды анықтап, жағдайларды нақтылау үшін полиция бөлімшелеріне жібереміз, - дейді Павлодар қаласы ЖПҚ басшысының орынбасары Арман Әшіренов.  

Бүгін өрт қауіпсіздігі бөлімшесінің қызметкерлері, ТЖБ және ЖПҚ бірлесіп рейд өткізді. Рейд барысында олар жазғы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігі туралы еске салып, жазылған меморандумдар, өртті дұрыс өртеу және өрт кезінде қайда бару керектігі туралы ескертпе хабарламалар таратты.

- Өткен жылдардағы статистикамен салыстырғанда қала маңындағы аудандардағы өрттің саны біршама азайған. Бұл иесіз қалған учаскелерде жүргізілген жұмыстардың арқасында мүмкін болды. Жер қатынастары бөлімімен бірге олар анықталып, тәркіленді және олар жұмыс істейтіндерге берілді. Соынмен қатар, саяжайларда сенбіліктер өткізілді, -деп Ренат Валишанов сөзін түйіндеді.