ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-07-18 17:35:42 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ГҮЛЗАР АУЛА

Павлодар ауылында «Үздік гүлзар аула» конкурсы аяқталды, оған 14 үміткер қатысты. Конкурстың қазылар алқасы сәндеуші-дизайнерлердің қиял шекараларында шек жоқтығына тағы да көз жеткізді. Олар қолдан жасалған құралдар мен гүлдену өсімдіктерінен керемет гүлді композициялар жасайды.

Восточное, 11 мекен жайы бойынша орналасқан Третьяков отбасының ауласы гүлдерге оранған. Третьяков отбасы көптеген жылдар бойы өздерінің үйлерінің аумағын безендіру және көгалдандырумен айналысады. Бүгінгі таңда олардың жинағында гүлдердің шамамен үш жүз түрі бар, олардың көпшілігі герань гүлі. Жүздеген гүлді өсімдіктерінің бұрышы, шын мәнінде де көрсетуге тұрарлық үлгі аула.

Тұрғындар күнде гүлдермен суретке түсуге келеді. Бұдан басқа, қазылар алқасы қызықты кішігірім нысандар мен өсімдіктердің әртүрлі екі «оазисін» атап өтті.

Төрешілер құрамына «Горзеленстрой» ЖШС өкілдері Наталья Чепуштанова және ардагерлер Кеңесінің өкілі Людмила Максимова, сонымен қатар ауыл әкімшілігі кірді. Жарыс барысында Третьяковскидің ауласы үздік деп танылды. Екінші орынды Ксения Плотникова алды. Татьяна Швицко үшінші орынды иеленді. Байқаудың барлық жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, олар байқауға жеңіске жету үшін қатыспаған. Олар әдемі жайлы аулада өмір сүріп және әрқайсысы әр гүлге ерекше жандарын салады.

Фото: рavlodarnews.kz