ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-07-25 10:14:28 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

Суға шомылу кезеңінің келуіне байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді, суға барғанда қауіпсіздік қағидаларын сақтау адамның денсаулығын нығайту және шынықтыру арнасы болып табылады. Алайда су айдынына бару кезінде өзін-өзі ұстану қағидаларын бұзушылығы қиын салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Алапат болдырмау үшін балалар мен ересектерге судағы қарапайым өзін-өзі ұстану қағидаларын қатаң сақтау қажет:

- суға шомылу үшін арнайы бөлінген орынды таңдау;

- бейтаныс орындарда суға сүңгуге болмайды – түбінде тікенді заттар,

тырбиған ағаштар, бөренелер мен тастар болуы мүмкін; 

- қауіпсіз аймақтың шекарасын белгілейтін ағыннан кетуге;

- балдырлары бар орындарда суға шомылмау;

- жүзіп келе жатқан кезде шаршап қалғанда дем алу техникасы болуы қажет, аздап демалып алып, содан соң жағажайға дейін жүзу;

- жалған үрей айқай белгілерін беруге болмайды;

- егер сіздің дене қызуыңыз жоғары немесе төмен болса, онда сізге суға шомылуға болмайды;

- ауа райы +15°С төмен кезде ашық су айдындарда жүзумен айналысуға ұсынылмайды, себебі кенеттен есіңізден тануыңыз мүмкін; суық суға лезде кіру және жүзу алдында организмнің қызуы естен тану әкеліп соқтыруы мүмкін.

- қайықтардан, ол үшін арналмаған айлақтар мен құрылыстардан суға секіруге болмайды;

- суық суға үйренусіз ойынна, жүгіріп келгеннен, күн сәулесінен соң суға секіру немесе жылдам суға кіруге болмайды;

- суға мас күйінде баруға және шомылуға тиым салынады;

- штормдық ауа райы күні суға шомылуға болмайды;

- суда ойнауға, достарын суға батырып және оларды шалыстырып ойнауға болмайды.

Егерде Сіз қатты ағынды суда болсаңыз, ағынға қарсы жүзбеңіз, ағынмен жағажайға қарай жүзу қажет. Егерде Сіз иірімге түссеңіз, қорықпаңыз, көп тыныс алып суға сүңгіп одан айналып кетуге тырысыңыз.

 

Павлодар қаласының Төтенше жағдай басқармасы үндейді:

-Су айдандарында демалу және шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;

-Балаларды қараусыз калдырмау.

 

 

Прочитано: 1017 раз