ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-07-25 15:19:01 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖАҒАЛАУДЫ ҰЗАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында жағалауды көркейту және ұзарту жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Ертіс жағасында орналасқан қаламыздың басты құндылықтарының бірі Қалалық жағалау болып табылады. Жаңа құрылыс бұрынғы "КазТрансОйл"- дан бастап теміржол көпіріне дейін салынады. Жағалауды абаттандыру кезең-кезеңмен іске асатын болады. Бастапқы және ең маңызды кезеңі ол Ертіс жағалауын нығайту. Кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады, оған жоба-сметалық құжаттаманы даярлау да кіреді. Жаңа жағалаудың құрылысын жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Участкінің ұзындығы - 1 100-1 200 метр құрайтын болады. Жаңа жағалаудың ені 24 метр, оның ішіне 6 метр жағалаудын жоғарғы қабаты тротуар алаңымен кіреді. Жобада бірнеше суға түсу орны, пирс қарастырылған.

Сондай-ақ жағалау құрылысында нөсерлік жаңбыр су ағындыларын бұруға арналған кәріз қарастырылған. Мамандардың айтуынша, арықтағы ағындылар тазарту станциясынан өтеді. -  Модульдік тазалау бекетінің өткізу қабілеттілігі секундына 120 литр құрайды. 120 литр бұл жауын сулардың ең көп шығысы, - деп мәлімдеді Ғабит Темірбаев.

Жағалаудың құрылысы кезінде «Гусиный перелет» атты табиғи ескерткіш еш-тиісілмей қалады. Қорық ауыл шаруашылығы Министірлігінің қарауында, олар палеонтологиялық табиғи ескерткіш аумағындағы кез-келген іс-әрекетке тыйым салды.

Прочитано: 901 раз