ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-02 15:03:58 Хабарландыру
ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару Заңының 3 - бабы 10 - тармақшасына сәйкес, 2018  жылдың  6 тамызында сағат 11.00-де (Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында) VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 38 кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2018 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Павлодар қаласы әкімінің есебі.

2. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған Павлодар қалалық мәслихатының бюджеті туралы» № 215/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған Павлодар қаласы кент, ауылдық округ және кейбір ауылдарының бюджеті туралы» № 227/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «2018 жылға арналған Кенжекөл ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнінде Жоспарды бекіту туралы» № 222/30 шешімінің күшін жою туралы.

5. «Достық» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты  жер телімдерін немесе өзге  жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобасына келісу туралы.

6. Павлодар қалалық мәслихатының 2017  жылғы 25 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға  арналған жергілікті өкілді  органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» № 221/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылдың 16 сәуірдегі

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 248/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты

Прочитано: 1223 раз