ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-02 18:29:57 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРСКОЕ АУЫЛЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҮШІН БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Павлодарское ауылының балалары жаз маусымының қызған кезінде де іссіз отырмайды. «Мен және менің отбасым» атты байқауы- мүмкіндігі шектеулі балалардың қаншалықты белсенді бола алатының көрсетті. Осындай байқаулар ерекше балалардың өнері мен мүмкіндіктерін аша отыра, шектеулер шекарасын жояды . Сайыс іс-шарасы мерекелік көңіл күй әсерін сезіндіріп, түрлі жастағы адамдарды біріктірді.

Іс-шараға 17 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бірге қатысты. Барлығы байқауға 20-дан астам отбасы қатысты.

Сайыс бағдарламасының аясында «Анам, әкем және мен салауатты отбасы» атты спорттық эстафетасы өтті. Өнер көрсету кезінде өлендер орындалды.

Сайыс жеңімпаздары болып келесі қатысушылар атанды: 1 орын Ерсінұлы Алибек, 2 орынды Борисенко Владислав пен Виолетта өзара бөлісті, 3 орынды Стокань Артем иемденді.

Байқау қатысушыларының барлығына мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар, сонымен қатар тәттілер берілді. Қатысушыларды Павлодарское селосы әкімінің аппараты мен Павлодар қаласы «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС марапаттады.