ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-08 12:09:44 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жаңа оқу жылы бірқатар қала мектептері жаңартылды. Павлодарда білім беру нысандарын  күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Павлодарда апатты мектептер  мен балабақшалар жоқ. Мердігерлер жұмыстарды тиісті мерзімде аятауға үлгеруде. Бірінші қыркүйекте Павлодар қаласының барлық мектептері жаңа оқу жылын бастауға дайын болады. Оқушылар үшін өздерінің білім алатын мектептері ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалуда.

- 32 білім беру  нысаны жөндеуден өткізіледі. Бұл қалалық мектептер мен балабақшалар. Қазіргі уақытта 20 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бірінші қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстары барлық 32 нысанда аяқталады, - деп Павлодар қаласының білім беру бөлімі хабарлады.

Жөндеу жұмыстарының барысын Павлодар қаласының білім беру бөлімі бақылайды. Мердігерлерге шағымдар - жоқ. Құрылысшылар жұмыс сапасына кепілдік береді.

Сонымен бірге жөндеу жұмыстарының аяқталуын тек мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналары да тағатсыздана күтуде. Мәселен, №35 ЖОББ мектебінің жаттығу залы толық жөндеуден өткізілуде.

- Дене шынықтыру менің ең асыға күтетін сабақтарымның бірі. Мен жөндеуден өткен жаттығу залында дайындалу үшін жаңа оқу жылының басталуын асыға күтемін. Білім күніне бізге осындай сыйлық жасағаны үшін қала басшылығына алғыс айтамыз, - дейді № 35 ЖОББ мектебінің оқушысы - Вероника Меснянкина.

Сонымен қатар, №15 ЖОББ мектебінде автокөлік қоятын ғимараттың төбесіне жөндеу жүргізілді. Бұдан басқа №12 және №27 балабақшалардың шатырына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Және де 27 балабақшаның аумағы абаттандырылып, қырлы кеспе тастар төселді, ғимараттың қасбеті жаңартылды.