ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-09 17:36:28 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрылысшы мамандығы барлық уақытта да әрдайым құрмет пен беделге ие. Жыл сайын  Павлодар қаласында құрылысшылар күнін ресми түрде атап өтеді. Салтанатты шара барысында кәсіби құрылысшыларды мерекелерімен Павлодар қаласының әкімі Андрей Балашов құттықтады.

- Сіздерді төл мейрамдарңыз құрылысшылар күнімен құттықтаймын, - деп Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Андрей Балашов тілегін білдірді. Сіздердің арқаларыңызда қаламыз күннен-күнге өсіп келеді, жаңа нысандар салынуда. Сіздерді осынау мереке қарсаңында құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық және отбасылық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін. Сіздерде тек бәрі жақсы болсын.

Салтанатты іс-шара барысында Клара Казаренко, Владимир Вольф, Иван Сучков, Ноионил Тышкина, Виктор Кудрявцев, Серік Ахметов ұзақ жылдар бойы қаланың құрылыс саласына қосқан қомақты еңбектері үшін қала әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі қаланың шығармашылық ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.