ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-08-09 17:39:47 Қала жаңалықтары
ЖАСЫНА ҚАРАЙ САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жуырда WhatsApp мобильді қоысшасында автордың мақаласы пайда болды. Мақалада зейнеткерлер мүлік салығынан босатылады, сонымен қатар  оның түсініктемесіне сәйкес бұрын төленген сомалар қайтарылады деп жазады.

Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды, жеңілдіктер шынымен қарастырылған бірақ зейнеткерлердің жасы бойынша емес, тек қана жеке зейнеткерлер болған жағдайда және 1000 АЕК мөлшерінде ғана.

- Зейнеткерлер жастарына сәйкес жер және  мүлік салықтарын  төлеуден босатылмайды, олар тек жеке меншіктегі барлық салық салынатын объектілердің жалпы құнынан 1000 (2269 * 1000 = 2 269 000 теңге) АЕК мөлшерінде жеңілдіктерге ие болады, - дейді Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Мақсұт Қаңтарбаев. Мысалы, жеңілдікті санатқа жататын тұлғалардың пәтерлерінің құны жоғарыда көрсетілген сомадан аспаса, онда салық төлеуші салық төлемейді, ал егер артық болған жағдайда салық артықшылық сомасынан асатын айырмадан төленеді. (Мысалы: жеке тұратын зейнеткер пәтерінің құны 3 783 213 теңге 2 бөлмелі пәтерде тұрады, жеңілдікті шегергенде - 2 269 000 мөлшерінде, салық салынатын база - 1 514 213 * 0.05% теңге, салық сомасы - 757 теңгені құрайды), - деп Мақсұт Қаңтарбаев атап өтті.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, мүгедектер 1500 АЕК (2269 * 1500 = 3,403,500 теңге) мөлшерінде, сондықтан зейнеткерлерге жеңілдіктер салықтан толық босату болып табылмайды, тек көпшілік жағдайда ғана салық сомасын азайтады.