ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-08-15 14:36:57 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚТАРДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПОНАТТАРДЫ КӨРУГЕ ШАҚЫРАДЫ

«Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі туған жер қазынасына арналған геологиялық экспозицияны ашады. ПавГео қызметкерлері Павлодар өңіріне табиғаттың сыйлаған қазба байлықтары жинақтарының тек қана бір бөлігімен ғана таныстырады.

Қонақтарға Баянауыл, Майқайың, Май аудандарындағы тау жыныстары мен минералдар - малахит, ратовкит пен хлорофаның қосындысы барит, флюорит және жанар тау жарылыстары ұсынылатын болады. Бірақ Павлодар өңірінде жанар таулар 60 миллион жыл бұрын өшіп қалған болатын. Келушілер яшмадағы агат, друзу, лазурит және азурит, гранит пен яшма, гипс, халцедон, обсидиан және 1989 жылы Павлодар облысының Ақкулы ауданында табылған метеоритті көре алады.

Павлодарлық география үйінің қорынан алынған экспонаттар көрмесі 15 тамызда сағат 16.00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді. Көрме 3 қыркүйекке дейін жалғасады

Прочитано: 707 раз