ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-01-06 00:14:49
ҚАЛА ТУРАЛЫ

Павлодар қаласы-Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан. Павлодардың климаты орташа, күрт-континентальды, қыс мезгілі суық, ол жарты жылға жуық созылады және  жаз мезгілі қысқа әрі ыстық деп сипатталады. Павлодар қаласының аумағы 633 ш.км құрайды, халқының саны 360, 7 мың адам.  Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 46,9 %, орыстар – 41,8 %, украиндар -3,9 %, немістер – 2,2 %, басқа ұлттар – 5,2 %. Қала аумағының құрамына Ленин кенті, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдары және Кенжекөл ауылдық округі кіреді.

Павлодар-бай тарихи өткені бар көп ұлтты қала, қала жылнамасы 1720 жылдан басталады, Коряковский көлінде өндірілетін тұз қоймаларының жанында құрылған. 1838 жылы форпост Коряковск станицасы болып қайта құрылды, ал, 1861 жылдың сәуірінде Павлодар атауы бар штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы Павлодар уездік қала мәртебесін алып, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналды. 

Жергілікті атқарушы орган, жергілікті өкілді орган – Павлодар қалалық мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайтын әкімнің басшылығымен Павлодар қаласының әкімдігі болып табылады.

Павлодар қаласының ресми рәмізі Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы шешімімен бекітілген мемлекеттік рәміздердің түс гаммасында орындалған дөңгелек пішінді «Павлодар қаласының елтаңбасы» болып табылады. Ортасында Ертіс өзенінің символдық толқындарымен жуылатын «Павлодар» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы жағында «Шаңырақ» орналасқан, киіз үйдің негізгі элементтерінің бірі, одан индустриялық қаланың сұлбасына энергия мен дамуды бейнелейтін күн сәулесі әртүрлі жаққа тарайды. Елтаңбаның негізіне қаланың өнеркәсібін бейнелейтін тегершік элементі қолданылады. Елтаңба жиектерінде сабақтастықты, дәстүр мен мәдениетті бейнелейтін ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген.

Павлодар – республиканың негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады.

Павлодарда 8 жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істейді: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ, «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Кастинг» ЖШС ПФ. Сондай-ақ, экспортқа бағдарланған болат және жіксіз құбырлар шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, мұнай өңдеу, кокс шығару, электр, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қаланың солтүстік бөлігінде инвестициялық жобаларды дамыту үшін «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының толық кешені бар қазіргі заманғы инвестициялық алаң құрылды.

Қаланың туристік әлеуеті 1913 жылы ашылған Мойылды шипажайымен ерекшеленеді. Шипажай Мойылды көлінің жанында орналасқан, ол жергілікті тұрғындар мен жақын өңірлердің арасында танымал.

Сондай-ақ, 1928 жылы ашылған неогенды жануарлардың ең ірі жерлеу орны болып табылатын «Қаз қонақ» табиғаттың бірегей палеонтологиялық ескерткіші болып табылады. 2019 жылы белгілі ескерткіш орналасқан жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылды, миллиондаған жыл бұрын мекендеген жануарлардың көлемді мүсіндері орнатылды.

Жергілікті маңызы бар сәулет және тарих ескерткіштері болып табылатын XIX-XX ғасырдың құрылыс ғимараттары сақталған қаланың тарихи бөлігі де назар аудартады. Олардың ішінде көпес Деровтың сауда үйі, 1899 жылы салынған (қазіргі тарихи-өлкетану мұражайы), 1897 жылы салынған көпес Зайцевтің үйі (қазіргі Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы), Ақ-мешіт, 1905 жылы салынған және т. б.

Павлодар қаласының барлық тұрғындары үшін ерекше мақтаныш және сүйікті демалыс орны Ертіс өзенінің жағалауы болып табылады. Оның ұзындығы 6 шақырымды құрайды.  Павлодар жағалауы табиғи жер бедерін ескере отырып, террасалық қағидат бойынша салынған, осының арқасында барлық жерлерден өзенге, жайылма шабындықтар мен ормандарға көркем көрініс ашылады.

Қаланың қазіргі келбетіне дәстүрлі сәулет стилінің элементтері енеді. Мәшһүр Жүсіп пен Благовещенский кафедралды соборы, ал бас Поштадағы мұнаралы сағат осы күнге дейін қаланың визит карточкасы болып саналады.

Павлодар қаласының мәдени өмірі де бай және сан түрлі. Қалада 7 мәдениет сарайы мен үйлері, 2 драма театры, 13 кітапхана, 9 мұражай бар, олардың ішінде Павлодар Ертіс өңірінің тарихи маржаны - Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Н. Шафердің жеке коллекциясы негізінде құрылған Қазақстандағы жалғыз мұражай-үйі, онда 25 мың музыкалық пластиналар жинақталған. 2019 жылы Павлодарда елімізде теңдесі жоқ «Ertis» жаратылыстану ғылымдарының мультимедиялық мұражайы ашылды.

Сондай-ақ, қалада И. Байзақов атындағы облыстағы жалғыз филармония орналасқан, оған Р. Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, джаз оркестрі, камералық хор, халық аспаптар ансамблі және т. б. кіреді.

Апта сайын жазғы кезеңде қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған  open air «Ertis promenade» фестивалі өтуде. Бұл үшін Орталық жағалаудағы төменгі қабатта әр түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін сахна орнатылған, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Павлодар мен спорттық өмірімен де белгілі. Қалада 4 стадион, 12 бассейн, олардың ішінде облыстағы жалғыз 50 метрлік «Ertis Olympic» олимпиадалық бассейні, 142 спорт залы, 3 шаңғы базасы бар. Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде «Sport city» спорт қалашығының құрылысы басталды, 2019 жылы толық өлшемді жабық футбол манежі пайдалануға берілді, Мұз аренасының құрылысы аяқталуда. Павлодарлықтар өз жерлестерінің жетістіктерін мақтан тұтады, олар қала атынан түрлі жарыстарда, республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, чемпион және жүлдегер атануда. Павлодар қаласының спорттық мақтанышы – «Ертіс»  футбол командасы Қазақстан чемпионатының бес дүркін иегері.

Павлодар қаласының тұрғындары мәдени мұрасына бай, дәстүрлердің әр түрлілігі мен атақты жерлестерін мақтан тұтады. 1896 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қала алдындағы ерекше еңбегі үшін 107 адам «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын алды. Олардың әрқайсысы өз кезінде әр түрлі салада туған қаласының дамуына зор үлес қосқан. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары, Даңқ орденінің иегерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, қаланың экс-басшылары, танымал жазушылар, педагогтар, дәрігерлер, спортшылар, қоғам қайраткерлері бар.

Павлодар өзінің тарихында 2020 жылы өзінің 300 жылдығын атап өтетін болады. Бай және қызықты тарихи жолдан өтіп, қарқынды дамып келе жатқан Павлодар, еліміздің ең көне және әдемі қалаларының бірі болып қана қоймай, Қазақстанның индустриялық астанасы деп аталады.