ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-25 17:33:31 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА 1100-ДЕН АСТАМ НЫСАНДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯДАН ӨТКІЗУ БАСТАЛДЫ

«Каустик» зауытында шығарылатын 60 тонна өнімді «Павлодарэнерго» АҚ Павлодар қаласының әкімдігіне берді. Бұлар көшелер мен үй-жайларды дезинфекциялауға арналған заттар. Осылайша, энергетикалық компания Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19-ға қарсы күрес бойынша үндеуіне қолдау білдірді.

Қалада 1100-ден астам нысан дезинфекцияланатын болады: балалар және спорт алаңдары, теміржол және автобус вокзалдары, автобус аялдамалары, жаппай пайдаланылатын көшелер.

Ең үздік дезинфекциялау қасиеттері бар белгілі құралдардың бірі натрий гипохлориді негізіндегі өнім коронавирус инфекция ошақтары бар елдерде - ҚХР, Италия, Иран, Оңтүстік Корея және т.б. пайдаланылуда.

«Каустик» АҚ өнімі Қазақстан Республикасында сертификатталған, барлық қажетті рұқсат құжаттары бар.