ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-26 11:21:06 Қала жаңалықтары
ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДҮКЕНДЕРІ МЕН ДӘМХАНАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

СЭС, жергілікті полиция қызметі, салық инспекциясы, кәсіпкерлік және ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен басшыларының бірлескен күшімен сауда үйлері мен қоғамдық тамақтану орындары бойынша рейд өткізілді.

«Крендель» дүкені, «Квазар» сауда үйі, «Тандырный дворик» кафесі, «Асыл» базары, «Ку-ку» кафесі және т.б. санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына тексеруден өтті.

Ескетеріңізге саламыз, ТЖ енгізілуіне байланысты сауда нысандарының иелері келесі ережелерді сақтауы қажет:

- қызметкерлердің жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделерді пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3 сағатта 1 рет ауыстыру қажет);

- кіре берісте қолдарды жуу үшін санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты қолдану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

- күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтар мен есіктерді, жедел сатыларды және әрбір үш сағат сайын едендерді жуу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда нысандарының жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарынан.