ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨЗГЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

2020-03-26 18:10:32 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Павлодар қаласы әкімдігінің 2020 жылғы  20 наурыздағы

№713/3 қаулысы

 

Мемлекет  мұқтажы үшін жер телімдерін  алып қоюға байланысты  жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығаруды бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 маусымдағы «Павлодар облысы Павлодар қаласының бас жоспары туралы» № 337 қаулысы негізінде, «Павлодар қаласының  2030 жылға дейінгі  жаңа бас жоспарына байланыстыра отырып, Павлодар қаласының жылумен жабдықтау жүйесі» жобасын іске асыру  мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес, жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң  мәжбүрлеп иеліктен шығару күні болып белгіленсін.

3. Келісу рәсімдерін келісуді жүзеге асыру үшін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 620 - кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.

4. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.

5. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы  қаулының орындалуын  бақылау қала әкімінің  орынбасары Х. А. Хабылбековке  жүктелсін.

 

Павлодар  қаласының  әкімі                               Қ. Нүкенов

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2020 жылғы «20» наурыз

№ 713/3 қаулысына

қосымша

 

р/с

Кадастрлық

нөмірі

Жер телімінің көлемі, га

Жер телімінің заңды мекенжайы

Жер телімі меншік иесінің  тегі, аты, әкесінің аты

1.

14-218-145-789

0,06

Павлодар қаласы, «Энтузиаст» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативі (бұдан әрі – БСТК), Виноградная көшесі, 231

Алевтина Ивановна Кузнецова

2.

14-218-145-790

0,06

Павлодар қаласы, «Энтузиаст» БСТК, Виноградная көшесі, 233

Валентина Анатольевна Воробей