ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 9 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ «МЕМЛЕКЕТТІК МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨЗГЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ» № 1869/4 ҚАУЛЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2020-03-26 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласы әкімдігінің  2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 1869/4 «Мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

осы қаулының «Осы қаулыны ресми жариялаған күннен кейін жер телімдерін мәжбүрлеп алып қою күнін 2020 жылғы 15 шілдеге  белгілеу» 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және  автомобиль жолдары  бөлімі» ММ осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3. «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі», «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Х.А. Хабылбековке жүктелсін.

        

Павлодар қаласының әкімі                                            Қ. Нүкенов