ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-27 17:33:16 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДЫҢ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРЫ «КҮМІС АЛҚА» ЖӘНЕ «АЛТЫН АЛҚА» ИЕЛЕРІ АТАНДЫ

Қала әкімі Қайрат Нүкеновтың атынан батыр аналарға алтын және күміс алқалар, гүлдер, сондай-ақ, азық-түлік жиынтықтары табыс етілді.

Бүгін марапаттар мен құттықтауларға Инна Климкина, Елена Нейман, Лилия Саурбаева, Динара Рахметова ие болды.

«Күміс алқа» орденімен 6 бала тәрбиелеп отырған Динара Рахметова, Елена Нейман, Инна Климкина марапатталды.Отбасындағы ең кішісі - 1-2 жаста.

«Алтын алқа» белгісімен 7 бала тәрбиелеп отырған Лилия Саурбаева мараппатталды. Сауырбаевтар отбасының ең үлкен баласы-17 жаста, ал ең кішісі бір жыл бұрын дүниеге келген.

Көп балалы аналарды осындай лайықты марапатқа ие болуларымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ашық аспан және өмірдің қуанышын тілейміз!