ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-27 17:41:13 Қала жаңалықтары
«ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ЕРІКТІЛЕРІ КОРОНОВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ АКЦИЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қазақстанның «Красный Полумесяц» қоғамының Павлодардағы филиалының волонтерлері короновирустың таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ақпараттық акциясын жалғастыруда.

Бүгін «Квазар» сауда үйінің базарында волонтерлер 600-ге жуық ақпараттық парақшалар мен 280 бетперделер таратты. Бетперделер тегін таратылды. Белсенділердің айтуынша, шара барасында олар, бірінші кезекте, қарт адамдарды қамтуға тырысты.

Сондай-ақ волонтерлер қала тұрғындарына қолды дұрыс жуу, маскаларды тағу әрі жарамдылығы өткеннен кейін жою әдістері туралы айтып, стресстік жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.