ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-27 17:51:34 Қала жаңалықтары
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТЕК ОНЛАЙН АЛА АЛАДЫ

Сіздердің назарларыңызға бүгінгі күннен бастап қаланың ХҚКО онлайн-режимге көшкенін жеткіземіз.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, оқшаулау шараларын күшейту, сонымен қатар ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсаттарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз қызметтерін уақытша тоқтатты.

Бүгінгі таңда egov.kz порталында мемлекеттік қымзеттің 80% қолжетімді. Сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында және Facebook пен Vk әлеуметтік желілерінде ұсынылған.

ХҚКО-ның 1800-ден астам тәжірибелі қызметкерлері, 1414 байланыс орталығының кеңесшілерімен қатар азаматтарға онлайн форматта мемлекеттік қызметтерді алу кезінде консультациялық көмек көрсететін болады.

Колл-орталықтар бір мезгілде мыңнан астам азаматтарға кеңес бере алады деп болжануда.

Колл-орталықтардың жұмыс кестесі– дүйсенбі мен сенбі аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. (Қоңырау шалу тегін).

200-ден астам Халықтық Үкіметтің қызметкері қызмет алушыларды бейнеқоңырау арқылы мобильдік азаматтар базасында тіркеуді жүзеге асыратын болады.

21 наурызға дейін ХҚКО-на құжаттарын тапсырып үлгерген азаматтар дайын құжаттарды беру терезесі арқылы нәтижелерін ала алады. Көлік құралын қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан ала алады, ескертетін жайт: онда тек дайын құжаттарды беру терезесі ғана жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дс-жм сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Үкімет азаматтарды үйден аса қажеттіліксіз шықпауға, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!