ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-03-27 17:59:09 Қала жаңалықтары
«ҚАМҚОРЛЫҚ»: ПАВЛОДАРДЫҢ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРЫНА 10 ТОННА КАРТОП ҮЛЕСТІРІЛДІ

Облыс орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгін Павлодардың 200 отбасы, атап айтқанда, көп балалы, аз қамтылған, жалғыз басты аналар және жалғыз тұратын зейнеткерлерге 10 тонна картоп үлестірілді.

Демеуші «Арго» ЖШС. Күн бойы кәсіпкерлер қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік өнімді тұрғындардың тұрғылықты мекен-жайларына дейін тасымалдауда.

«Қамқорлық» айлығы аясында 11 мыңнан астам павлодарлыққа көмек көрсетілді, олар ақшалай төлемдер, сондай-ақ, азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық заттарды алды. Қазір қалада «Гигиена ережелерін қалай дұрыс сақтау керек» атты оқыту жүргізетін еріктілер тобы жұмыс істейді. Ерікті топ әйелдерге арналған дағдарыс орталығында болып қол жуу бойынша мастер-класс өткізді, сонымен қатар, өздерімен бірге антисептиктер және өздері жасаған медициналық бетперделер алып келді.

Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда, өйткені жақсы істер екі ғасыр өмір сүретіні белгілі.

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз.