ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 9 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ «МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨЗГЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ» № 1869/4 ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2020-04-03 13:20:12

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының
46-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 1869/4 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қала әкімдігі қаулысының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын «Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін жер телімдерін мәжбүрлеп алып қою күні 2020 жылғы 15 шілдеге белгіленсін».

2. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- ММ) осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ, «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ, «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Х.А. Хабылбековке жүктелсін.

 

Павлодар қаласының әкімі Қ. Нүкенов