ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-05-25 11:40:48 Қала жаңалықтары
«ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» БАЙҚАУЫ

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды көздейтін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауы өткізіледі.

Байқауға қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 29 мамырына сағат 23:59-ға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің a.kazbekova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында орналыстырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған.

Қосымша кеңестерді келесі телефондар арқылы алуға болады 8(7182)208361, 87714259866.